28.11.2017, 20:08
Оқылды: 16

Оралда электрондық сервистің пилоттық жобасы таныстырылды

Оралда «Медиацияға сандық технологиялар арқылы қол жеткізу» электрондық сервисінің пилоттық жобасы таныстырылды. Шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Шараға қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгіновтің атап өткеніндей, жылдан жылға Қазақстанда медиация нысаны соттан тыс дауларды медиатордың қатысуымен шешілетін соттармен қаралатын істердің санының өсуі байқалады. Өңірде медиацияны дамытуға жағдай жасауға «Медиацияға сандық технологиялар арқылы қол жеткізу» электрондық сервисі пилоттық жобасы көмектеседі. Пилоттық жоба халықтың барлық топтарына қолжетімді медиаторлар қызметіне жүгінуге жағдай жасайды және өз қызметін екі кезеңнен тұратын пилоттық режимде бастайды.

Бірінші кезеңде электронды сервисі №1 халыққа қызмет көрсету орталығында іске қосылды.

«Logitex» ЖШС жобаларының менеджері Антон Скрамовскийдің сөзіне қарағанда, медиаторға онлайн-өтінімді қызметкер арқылы беруге болады. ХҚКО-ның қызметкері автоматтандырылған жүйе арқылы қолданыстағы кәсіби және кәсіби емес медиаторлар тізіміне өтінішті жолдайды. Қай медиатор өтінімді бірінші болып қабылдаса, соның қабылдауына жазылады. Тіркеуден кейін ХҚКО-ның қызметкері жүгінген адамға медиатордың аты-жөні, мекен-жайы және қабылдау уақытын хабардар ете отырып талон береді. Электрондық сервистің қызметі азаматтар мен медиаторлардың белсенділігіне тәуелді болады.

Екінші кезең 2018 жылдан басталады. Келесі жылдан бастап портал құру арқылы аталған сервисті барлық азаматтар үшін жалпы қолжетімділік деңгейіне шығару жоспарланып отыр. Бөлменің сілтемесіне кіру арқылы пайдаланушы медиация туралы материалдармен танысып, медиаторлар тізімін, жұмыс кестесін, пікірлерді және медиатордың жұмыс тәжірибесі т. б. таныса алады. Сервис дербес гаджеттер және смартфондарда жүктеу және орнату мүмкін болатын мобильдік қосымшасында қолжетімді болады.

Гүлбаршын Дыбысқалиқызы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале