9.09.2017, 23:56
Оқылды: 106

Оралда қала күніне орай жаңа мүсіндер ашылды (ФОТО)

кала куни 01   Оралда қала күніне арналған мәдени-спорттық шаралар жалғасуда.

Сенбі күні Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев Түркияның Маниса, Ресейдің Самара, Саратов, Орынбор, Қазақстанның Атырау, Ақтау қалаларынан келген меймандарды қабылдап, құрмет көрсетті.


кала куни 02

  «Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде, үш өзеннің арасында орналасқан Орал қаласы Қазақстанның батыс қақпасы болып есептеледі. Бастауын ХІІІ-ХV ғасырлардағы Алтын Орда дәуірінен алатын Орал бүгінде Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қалаларының біріне айналды. Қазіргі таңда Елбасы тапсырмасына сәйкес қалада мемлекеттік бағдарламалар аясында көптеген жобалар қолға алынып, кешенді шаралар атқарылуда. Жаңа бас жоспарда әлеуметтік, мәдени және кәсіпкерлік нысандарын салу ескерілді. Жаңа шағынаудандар пайда болып, сәулетті ғимараттар бой көтеруде», деді Мұрат Рахметұлы.

   Қабылдау кезінде Ресей Федерациясының Оралдағы бас консулы Саид Забитов, Орынбор қаласының басшысы Евгений Арапов, Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов және басқалар өңірдің бас шаһарының одан әрі өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

кала куни 03    Бұл күні Арбат алаңында сағат, теңге, су ішетін шүмек, street workout спорт алаңы ашылды. Сол секілді шағын сәулеттік мүсіндер Оралдағы жаңа алаңда да бой көтерді. Соның бірі атақты әнші Батырхан Шүкеновтің құрметіне «Джулия» мүсіні (авторы Дмитрий Баймұқашев) орнатылды. Батысқазақстандық белгілі әнші Марат Сарбөпеевтің айтуынша, мұның себебі әйгілі «Джулия» әні «Алма-Ата» (кейін «А-студио») тобының 1988 жылғы шығармашылық сапары кезінде Орал педагогикалық институтының (қазіргі М.Өтемісов атындағы БҚМУ) сахнасында алғаш шырқалған болатын. «Джулия» мүсіні ашылғаннан кейін мұнда кезінде Батырхан Шүкенов шырқаған әндер орындалды.

кала куни 04   Сондай-ақ бұл күні Жайық өзеніне Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті зертханасында өсірілген бекіре балықтары жіберілді. Соңғы жылдары аталмыш университет ғалымдары «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-мен бірлесе отырып, құрып бара жатқан бекіре тұқымдас балықтарды өсіруді қолға алған болатын.

   Қала күніне орай жұма күні кешкісін П.Атоян атындағы стадионда жергілікті өнерпаздармен қатар қазақ эстрадасының жұлдыздары Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі және итальяндық Сон Паскаль сахнаға шықса, сенбі күні Абай атындағы алаңда ретро-концертке кезек келді. Ал жексенбі күні осы алаңда Қыдырәлі мен Қарақат өнер көрсететін болады. Сондай-ақ қалада волейболдан жасөспірімдер арасында халықаралық дәстүрлі «Достық» турнирі де өтуде.

кала куни 06 кала куни 07

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале