14.02.2017, 16:54
Оқылды: 39

Оралда кәсіпкерлік нысандардың 86 пайызы белсенді

Орал қаласында 29 мың кәсіпкерлік нысан тіркелген. Оның 24 596-сы, яғни 86 пайызы жұмыс жасауда.


Кәсіпкерлік субъектілерінде 40 мыңнан аса адам еңбек етеді. Олар былтыр 69 млрд теңгенің өнімін өндірген. Бұл саладан 19,2 млрд. теңге салық түссе, оның 7 млрд.теңгесі қалалық қазынаға тиесілі.

Былтыр қалада «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 11,6 млрд.теңгенің 73 жобасы мақұлданған. Бүгінде соның 60-ы қаржыландырылған. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағытында «Даму» қоры арқылы 1 млдр.теңге бөлінген. Тоғыз жобаны іске асыруға 203 млн.теңге несие берілген.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале