13.12.2017, 18:02
Оқылды: 59

Оралда «Көңілді старт» сайысы өтті

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күресі, допты хоккей, бадминтон, баскетбол, волейбол (қыздар), шаңғы жарысы, президенттік көпсайыс, қол добы, велоспорт бөлімдерінің командалары арасында «Көңілді старт» сайысы ұйымдастырылды. Жарысқа 2002 жылы туған және одан кіші жастағы спортшылар қатысты.

«Көңілді старт» сайысының ашылу салтанатында облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің атынан демеушілерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар 2017 жылдың қорытындысы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізген спортшылар марапатталды.

Сайыстың бірінші бөлігі жарыстың 4 түрінен өткізілді. Олардың қатарында эстафеталық таяқшамен жүгіру, шарға отырып-секіріп жүгіру, баскетбол добымен жүгіру, қаппен секіру бар.

Жарыс қорытындысында баскетбол бөлімінің командасы I орынды алса,  II орын президенттік көпсайыс бөлімінің командасына бұйырды. Ал грек-рим күресі бөлімінен құралған топ III орынды қанағат тұтты.

Жүлделі орын алған командалар мектептің дипломдарымен және кубоктарымен марапатталды.

Динара Киндербаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале