31.08.2018, 21:56
Оқылды: 27

Оралда мұғалімдердің жазғы мектебі жалғасын тапты

 

Мұғалімдерге арналған жаңа жоба - "Өсу векторы" жазғы мектебі жалғасын тапты. Өткен жолы менеджерлік деңгейде болса, мұнда 100 жас мұғалім қатысты.

Жоба мақсаты - кәсіби шеберліктi арттыру, жаңа теxнологиялармен таныстыру, "Руxани жаңғыру" жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру, "Назарбаев зияткерлік мектептері" тәжірибелерін жалпы білім беретін мектептерге енгізу.

Кәсіби тұрғыдан дамыту, озық инновацияға бейiмдеу, білім беру мазмұнын жаңарту, ұстаз танымы, білім берудегі цифрлық сауаттылық, әлеуметтік желідегі ұстаз мәдениеті мәселелерi қарастырылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале