13.03.2019, 17:47
Оқылды: 40

Оралда «Ономастика мектебі» тақырыбында семинар өтуде

     Орал қаласындағы Оқушылар сарайында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Ономастика мектебі» тақырыбында екі күндік оқыту семинары басталды.

 bilim latyn (1)

     Семинардың ашылуында сөз алған аталмыш басқарманың басшысы Айгүл Мыңбаева алғаш рет жүзеге асырылып отырған шараның мән-маңызына тоқталды. Жобаның негізгі мақсаты – аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдеріндегі ономастика саласына жауапты мамандарға әдістемелік көмек көрсетіп, оларды кәсіби тұрғыда шыңдау болып отыр. Жоба 32 сағатқа арналған. Оның бірінші 16 сағаты алғашқы жарты жылдықта, ал қалған бөлігі осы жылдың келесі жарты жылдығында өткізілмек. Оқыту барысында көшелер мен елді мекендердің атауларын өзгерту кезіндегі қадамдар түсіндіріледі. Сондай-ақ көрнекі ақпарат пен жарнама саласындағы мәселелер айтылмақ.

     Облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің басшысы Асылбек Бисекеновтың айтуынша, семинарға облысымыздағы 12 ауданнан және Орал қаласынан барлығы 13 маман қатысуда. Оқыту барысында ономастика мәселелерімен айналысатын ғалымдар, тарихшылар мен филологтар, облыстық ономастикалық комиссия мүшелері, сондай-ақ аталмыш басқармадағы ономастикалық жұмыстар және көрнекі ақпараттарды бақылау бөлімінің мамандары дәріс оқиды. Оқуға қатысушылар семинардың практикалық сағаттарында алған білімдерін шыңдай түспек.

bilim latyn (1) bilim latyn (2)

Нұртас Сафуллин,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале