22.02.2018, 11:25
Оқылды: 64

Оралда өрттен 85 жасар кейуана қайтыс болды

Бүгін Орал қаласы 6-шағын ауданындағы №68 үйден өрт шықты. Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі орталық пунктіне 08:27-де хабар түсті, - деп мәлімдейді департаменттің баспасөз қызметі.

Құтқарушы мамандар келісімен тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттардың жанып жатқанын анықтады. Тексеру барысында 85 жасар кейуананың денесі табылды. Қатты түтіннен тұрғын үйдің подъездінен 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде 10 бала бар.

Төтеншеліктердің күшімен өрт 10:11-де ауыздықталды.  Бұл жұмыстарға 11 бірлік техника, жеке құрамның 35 маманы жұмылдырылды. Өрттің жалпы аумағы 25 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі, шығыны және кінәлілер анықталуда.

zhaikpress.kz

Сурет ғаламтордан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале