29.04.2018, 10:46
Оқылды: 93

Оралда робототехника олимпиадасы өтті

IMG_1523Орал қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінде аймақтық робототехника олимпиадасы өтті.


IMG_1567«Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы техника саласына қызығушылық танытатын дарынды да талантты жастарды қолдау мен ынталандыру, сондай-ақ зияткерлік мектептердегі робототехника жүйесінің құрылу тәжірибесімен бөлісу мақсатында өткізген дәстүрлі олимпиада Халықаралық робототехника олимпиадасының ережесіне сай «Негізгі», «Еркін», «Шығармашылық» және «Роботтар футболы» категориялары бойынша ұйымдастырылды.

IMG_1532Оған облыстағы және қаладағы мектептерден 80-нен аса команда қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл олимпиадаға қатысушылар саны өткен жылғымен салыстырғанда арта түскен. Бұл біздің өңірімізде оқушылар арасында робототехниканың қарқын алып келе жатқанын көрсетеді.

Олимпиада нәтижесі бойынша «Негізгі», «Шығармашылық» және «Роботтар футболы» категориясында бірінші орын алған оқушылар 23-24 маусымда Астанада өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале