27.07.2018, 10:30
Оқылды: 48

Оралда суға кете жаздаған 13 жасар жеткіншек құтқарылды  

 

tonet26 шілдеде құтқару бекетіндегі кезекшілік кезінде жедел құтқару жасағының құтқарушылары Павел Фёдоров пен Азамат Жәрдемов қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы Шаған өзенінде батып бара жатқан 2005 жылы туған баланы құтқарып қалды.


 

БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы А.Қожанбаеваның айтуынша, өзенге түскен көпшіліктің арасынан алыс қашықтыққа жүзіп кеткен баланың батып бара жатқанын көрген құтқарушы Азамат Жәрдемов жедел түрде жүзіп барып, оны судан алып шықты. Бала қатты қорқып қалған екен. Оған қажетті көмек көрсетіліп, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ержесін түсіндірді.

Құтқарушылар ұлының алысқа малтып кеткенін және де оның батқанына дейін көрмей, салғырттық танытқан өзен жағасында отырған баланың анасына да түсінік жұмыстарын жүргізді.

Төтеншеліктер суға шомылу кезінде сақтық шараларын сақтау қажеттігін тағы бір мәрте еске салады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале