27.03.2018, 18:16
Оқылды: 73

Оралда театр күні аталып өтті

Темирболат Токмамбетов01Бүгін облыстық Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында халықаралық театр күніне арналған салтанатты шара өтті.

Оған театр ұжымы, өнерсүйер қауым қатысты. Шараны театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ербол Есендосов жүргізді. Ол ақын Иран Ғайыптың «Ойна, актер» өлеңін оқыды. Елге танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әсел Мәмбетова С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін орындап берді. Театрдың жанындағы қуыршақ театрының, «Алтын болашақ» өнер студиясының ұжымдары әріптестерін мереке күнімен құттықтады. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев облыс әкімі А.Көлгіновтің және өзінің атынан құттықтау сөз сөйлеп, бір топ өнер иелеріне алғыс хат және сый-сияпат табыс етті. Олардың ішінде Думан Омаров, Гүлжиян Шынтемірова, Эльмира Мақашева және басқасы бар.

Салтанатты жиынның соңында көрермендер Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармонияның әншілері Жаңылсын Хасанова, Жаскелең Ғайсағалиев және басқа өнерпаздардың өнерін тамашалады.

С.Ихсанғали

Фотоға түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Темирболат Токмамбетов12 Темирболат Токмамбетов03 Темирболат Токмамбетов04 Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов08 Темирболат Токмамбетов09 Темирболат Токмамбетов10 Темирболат Токмамбетов11

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале