1.07.2018, 16:13
Оқылды: 102

Оралда Ұлттық домбыра күні аталып өтті (СУРЕТ)

Ұлттық домбыра күніне байланысты ҚР Тұңғыш Президенті алаңында шаралар ұйымдастырылды.

Қадыр ақынның ескерткішіне гүл қойылғаннан кейін мерекелік концерт басталды. Алаңға киіз үй керегесі тігіліп, өнер ансамбльдері, жыршы-термешілер, домбыра шеберлері əн-күй төкті. БҚО əкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов рухани жаңғырудың нағыз үлгісі домбыраны ұлықтау екенін айтты. Өткен оқу жылында мектептерде үзілісте күй ойнатылған.

Мерекелік концертте "Орал сазы" фольклорлық ансамблі Баламайсаңның күйі "Қыз Ақжелеңді", халықтық "Шежіре" ансамблі Құрманғазының "Саранжабын" тартты. Жыршы Фархат Оразов "Ақерке" халық əнін шырқады. Домбырашы Едіге Нəбиев пен жас өнерпаздар Мəдина Ғазезова мен Ақтоты Қабиева ұрпақ сабақтастығы ретінде "Ақсақ құлан" күйін ойнады.

Нұртай Текебаев

Суретке түсірген Динара Киндербаева

zhaikpress.kz

zhaikpress (13)zhaikpress (15)

zhaikpress (7)

zhaikpress (4)

zhaikpress (9) zhaikpress (2) zhaikpress (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале