12.08.2020, 11:02
Оқылды: 92

 Оралдағы  кітапханада Абай залы ашылды

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Орал қалалық кітапханасында Абай залы ашылды.

Abai zaly

Абай залын ашудағы басты мақсат – ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, рухани асыл мұрасын насихаттау. Салтанатты рәсім аймақтық «Ұлы дала сазы» этно-фольклорлық ансамбльдер байқауының бас жүлде иегері, «Алаш» этно-фольклорлық ансамблінің орындауындағы Абайдың «Торжорға» күйімен ашылды.

Шарада Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Айтқали Нәріков жиналғандарды мерекемен құттықтады.

"Абай - дана, Абай - дара қазақта" атты ақынның өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін арнайы жасақталған кітап көрмесі таныстырылды.

Шара Абай залының екінші бөлімінде республикалық байқаулардың лауреаты Бейбіт Қажығалиевтің орындауындағы Абайдың «Жаз» термесімен жалғасты. Орал қалалық кітапханасынан алынған мәліметке сүйенсек, шара барысында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 2020 жылдың қаңтар айында басталған ұлы ақынның шығармашылығына арналған челлендж қорытындыланды.

Аталмыш челлендж қала тұрғындары мен қала қонақтары арасында сәтті іске асырылып, 8500 қаралым жинады. Челлендж жеңімпаздарын Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы алғысхаттармен және арнайы сыйлықтармен марапаттады.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале