2.07.2018, 14:31
Оқылды: 37

Оралдық парашютші ел чемпионатынан жүлделі оралды

parazsut Kitin25-30 маусым аралығында Алматы қаласындағы «Байсерке» аэродромында классикалық парашют спортынан жеке-командалық біріншілік бойынша 27-ші Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті.


Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарынан және ҚР Қарулы күштерінен - барлығы 60 парашютші қатысты. Чемпионатқа БҚО құрама командасының мүшесі, облыстық авиация спорты бойынша балалар мен жасөспірімдердің спорттық-техникалық мектебінің жаттықтырушысы, спорт шеберлігіне үміткер Илья Китин де өз үлесін қосты.

Облыс намысын қорғаған Китин Илья жарыс нәтижесінде жалпы есеппен 14 орынды, жеке есеппен юниорлар арасында жерге дәлдеп қонудан 3 орынды иеленді.

Гүлфайруз Ерсайынқызы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале