27.06.2019, 12:28
Оқылды: 105

Оралдың судан ажыраған аудандарына ауыз су жеткізілуде

Қала әкімі Мұрат Мұқаевтың тапсырмасымен Оралдың судан ажыраған Солтүстік-шығыс және Деркөл кентінің тұрғындарына ауыз су жеткізілуде.

su-4

Су төменде көрсетілген мекенжайларда таратылуда.

«Жеңіс» сауда үйі, 4-шағынаудан («Манасян» кафесінің маңы), 5-шағынаудан (№5 үйдің жанында), 9-шағынаудан («Сәтті» дүкенінің жанында), «Айгүл» шағынауданы (№16 мектеп), «Солтүстік-шығыс» («Олимп»), Ларин көшесі, 1-үй («Дәріхана» жанында), «Құрылысшы» шағынауданы (№5 мектептің жаны), «Еткомбинаты» ауданы (№2 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы).

Айта кетейік, көрсетілген мекенжай бойынша су сағат 23:00-ге дейін беріледі.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале