29.04.2018, 10:21
Оқылды: 24

Орынбор қаласында Бөрлі ауданының күні өтті

IMG-20180429-WA0007КСРО-ның 50 жылдығы атындағы демалыс паркінде болған шараға орынборлықтар, қала қонақтары арнайы келіп, халқымыздың салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен танысып, ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, ұлттық спорттық ойындарға қатысты.

IMG-20180429-WA0010-Біз Батыс Қазақстан облысымен экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалар бойынша тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеудеміз. Облыс әкімі Алтай Көлгіновті орынборлықтар жақсы таниды. Себебі Алтай Сейдірұлы облыс әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі болған кезде бізде жиі болды. Сол кездегі кездесулердегі, іс-шаралардағы фотосуреттерді көрген сайын бойымда ерекше бір жылылық пайда болады. Сондай-ақ біз де бірнеше рет Оралда болдық. Маусым айында тағы да барамыз деп жоспарлап отырмыз. Тәжірибе алмасу, жаңа жобалаларды талқылау ойда бар. Жалпы қазақстандықтардың қонақжайлығымен жақсы таныспыз. Алдағы уақытта біздің байланысымыздың ауқымы бұрынғыдан да кеңей түсеріне сенім мол. Бөрлі ауданымен де байланысымыз жақсы. Ауданда, соның ішінде Ақсай қаласында әлеуметтік-экономикалық тұрғыда көп іс атқарылып жатқанын естіп-көріп жүрміз. Жаңа жергілікті қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдарды қарап, Қазақстанның намысын қорғап жүрген бөрлілік спортшылармен танысып, оларға қызыға да қызғана қарағаным рас. Міне, мұның бәрінің артында мемлекет тарапынан қажет жағдайдың жасалуы, жергілікті атқарушы биліктің қолдауы тұрғаны белгілі. Достығымызды, бірлігімізді нығайта түсер осындай шаралар қатары болашақта көбеймесе, азаймайтыны анық. Алтын уақыттарын бөліп, орынборлықтарға тамаша демалыс, жақсы көңіл-күй сыйлап жатқан бөрліліктерге айтар алғысымыз шексіз,-деді шараға арнайы келген Орынбор қаласының басшысы Евгений Арапов.

IMG-20180429-WA0017Өз кезегінде сөз алған Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Халелов ата-бабаларымыз бұрыннан жақсы қарым-қатынаста болғанын, қазір екі ел президенттерінің сарабдал саясаттарының арқасында  шекаралас өңірлер достық жағдайында өзара бірігіп әрекет етіп, бір-бірінің мәдениет, дәстүрлерін кең түрде танып-біліп жатқанын жеткізді.

IMG-20180429-WA0018-Қазақстан мен Ресейдің өзара татулығын, түрлі саладағы байланыстарды нығайту бағытында көп іс атқаруда. Оған шекаралас өңірлер де өз үлестерін қосып жатыр. Бүгінгі шара соның бір дәлелі. Жалпы бұл шара әсіресе Орынборда тұратын жастарымыз үшін маңызды. Олар өз дәстүрін, мәдениетін біліп қана  қоймай, мақтанғандары жөн. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан мұндай шаралардың екі жаққа да берер пайдасы көп,-деді Алдияр Сансызбайұлы.

IMG-20180429-WA0015Шара барысында Бөрлі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алпамыс Көшкінбаев Орынбордағы «Бәйтерек» қайырымдылық қорына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы щеңберінде шыққан жергілікті ақын-жазушылардың кітабын және басқа да естелік сыйлықтарды табыстады.

Бөрлі аудандық демалыс орталығының көркемөнерпаздары дайындаған коцертте «Ақжаулықты әжелер» халықтық ансамблі, «Назқоңыр», фальклорлық ансамблі, «Назерке», «Қарлығаш», «Балдырған» үлгілі би топтары, Бөрлі аудандық Достық үйінің этномәдени бірлестерінің өкілдері  және Мирас Бақтығұлов, Дархан және Берік Тасимовтар, Мұхит Бірәнов, Әсел Құтжанова, Самал Дінғалиева, Гүлсезім Қуанышқалиевалар өнер көрсетті. «Мирас» қазақ мәдени бірлестігі салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында келін түсіру, бесікке салу көріністерін қойды.

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале