16.07.2019, 18:12
Оқылды: 339

Парламент депутаттары Оралдағы мембағдарламамен салынып жатқан үй құрылысымен танысты

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті депутаттары Қанат Мусин, Шавхат Өтемісов Зашаған кентіндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты.

парламент деп. Нур отан

Елбасының тапсырмасымен елімізде іске қосылған «Нұрлы жер» бағдарламасының басты мақсаты - азаматтарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бағдарлама бойынша Оралда үй құрылысы қарқынды жүруде.

-Саратов күре жолы бойындағы жаңа шағын ауданда жеті көппәтерлік тұрғын үйдің құрылысы қолға алынған. Жыл аяғына дейін бес көп пәтерлік (774 пәтер) үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарланды. Сонымен қатар инженерлік желілер жобасы жасақталып, конкурстық процедуралар жария етілді. Бүгінде Орал және Ақсай қалаларында 17 көп пәтерлік, ауылдарда 119 тұрғын үй құрылысы жүруде, - деп атап көрсетті облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев.

Депутаттар жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылыс жұмыстарымен танысып, жақсы баға берді. ҚР Парламент депутаты Қанат Мусин еліміздегі тұрғын үй саясатының нақты іске асырылып жатқанына Оралдағы үй құрылысының жанды мысал болатынын айтты.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале