21.02.2020, 17:32
Оқылды: 116

"Пиғылы бөлектердің ылаң салуына жол бермейік"

kojjanov

Жұмажан ҚОЖЖАНОВ, «БҚО мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

– «Қазақстанның Демократиялық таңдауы» қозғалысы ресми түрде экстремистік ұйым болып танылғанынан хабардармыз. Мұның басында елден қашып, жырақта жүрген Мұхтар Әбілязовтың тұрғаны белгілі. Мен еліміздің азаматы ретінде, азаматтық қоғамның мүшесі ретінде елімізде тіркелмеген, заңды деп танылмаған ұйымның  айтағына еріп, алаңға шығуға бекінген жерлестерімізге мына жәйтті баса айтқым келеді. Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Талай боздақтар қыршынынан қиылып, халқымыз талай нәубетті бастан өткерді. Сол тәуелсіздігімізді сақтай білуіміз, бағалай білуіміз қажет. Алыс-жақын шет елдердегі саяси шиеленістерді, қақтығыстарды, қантөгістерді көріп отырмыз. Елімізде мұндай арандатушылыққа, пиғылы бөлек ұйымдардың ылаң салуына жол бермеуіміз керек. Ынтымағымыздан ажырамай, бірлігіміз бекем, мемлекеттілігіміздің қазығы қуатты болуы үшін жұдырықтай жұмылғанымыз жөн.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале