22.06.2020, 9:37
Оқылды: 126

Президент Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері орден-медальдармен марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бір топ медицина қызметкерлері мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды.

200621182540231e

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен азаматтардың денсаулығын сақтау үшін жанкешті еңбек етіп, тынымсыз жұмыс істеген медицина қызметкерлерінің бір тобы мемлекеттік орден-медальдармен марапатталды», - деді Берік Уәли желідегі парақшасында. Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале