22.06.2018, 14:17
Оқылды: 33

«Protecting Business and Investments» жобасы бастау алды

Слайд2Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» («Protecting Business and Investments») жобасы бастау алды.

Жоба қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыруға, сондай-ақ шетелде еліміздің оң имиджін қалыптастыруға көмектесуге бағытталған.

Жоба Агенттікпен «KAZAKH INVEST Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесе жүзеге асырылуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кәсіпкерлер мен инвесторларға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы келісімге қосылу арқылы жүзеге асырылатын болады, бір ғана шарт – адал бизнес жүргізу және сыбайлас жемқорлықтыңкез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстану. Бұл жобаның басты жаңалығы – заңды түрде және кедергісіз бизнес жүргізу үшін Агенттіктің және министрліктердің бизнестің және инвесторлардың қызметін тұрақты сүйемелдеуі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша да Жоба бойынша жауапты қызметкерлері бектілді, кәсіпкерлер мен инвесторлар 8 7112 509975 телеофонына қоңырау шалып, өздерінің ұсыныстары мен шағымдарын қалдыра алады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале