4.07.2017, 20:21
Оқылды: 86

Республикалық айтыстың бас жүлдегері - Жансая Мусина

Алашорда қозғалысының 100 жылдығына арналған "Алаштың бағы - Азаттық!" республикалық ақындар айтысында бас жүлдені (1 млн. теңге) Жансая Мусина (Орал) иеленді.

Бірінші орынды Тілеген Əділов (Қарағанды) (700 мың) алды. Екінші жүлдеге (500 мың) Мұхтар Ниязов (Қызылорда) пен Иранғайып Күзембаев (Астана) қол жеткізді. Келесі тұғырдан (400 мың) Мұрадым Мирланов (Орал) пен Рүстем Қайыртай (Алматы) көрінді. Облыс əкімінің орынбасары Марат Тоқжанов атынан Мұхтар Ниязовқа арнайы жүлде (500 мың) берілді.
Айтыс мəресінде қазылар алқасының төрағасы Есенғали Раушанов сөз додасында ақындарға дем берген Жайық жұртшылығына алғыс айтты. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов айтыскерлердің ел жетістіктерін жырлағанына ризалық білдіріп, айтқан сын-пікірлері орынды екенін жеткізді.

Нұртай Текебаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале