4.05.2017, 12:32
Оқылды: 86

Робототехникадан облыстық олимпиада аяқталды

Nazarbaev shkol robototehnika  Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде облыстық робототехника олимпиадасы өтті.

  Оған облыс және қала мектептерінен 150-ге жуық оқушы қатысты. Сайыс халықаралық робот техникасы олимпиадасының ережесі бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне сәйкес негізгі, шығармашылық және еркін категориялар бойынша бақ сынады. Еркін категорияның өзі роботтор сумосы, кегелринг және траектория бағыттарына бөлінді.


Күні бойына созылған олимпиада барысында оқушылар робот техникасы бойынша өздерінің білімі мен білігін көрсетті. Шығармашылық категорияда қызықты жобаларын ұсынды. Нәтижесінде негізгі категорияда кіші топтар арасында Сәулет гимназиясы, орта және ересектер тобынан зияткерлік мектеп бірінші орын, сондай-ақ №42 «Ақ ниет» гимназиясы да үлкен топтар арасынан екінші орын алды. Шығармашылық категориясы бойынша кіші топтардан Жәнібек ауданы, мектептен тыс жұмыс орталығы командасы бірінші орын иеленсе, орта және ересектер арасынан зияткерлік мектеп пен облыстық С.Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 мектеп-интернаты командалары жүлделі орындарды өзара бөлісті. Сонымен қатар еркін категориядағы роботтар сумосында «Білім-Инновация лицейі», №44 және №11 мектеп командалары жеңіске жетті. Кегелрингте Вольдорф гимназиясы, Жоғары техникалық мектебі және сәулеттіктер жүлделі орындарға қол жеткізді. Ал траектория бойынша №44, 35 және Ақсай қаласындағы №3 мектеп оқушылары өзгелерден оза шапты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада жеңімпаздары шілде айында Халықаралық көрме аясында Астанадағы  «Экспо» қалашығында өтетін республикалық жарыста бақ сынамақ.

Орал қаласы

Ақмоншақ Жұмаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале