19.09.2019, 19:18
Оқылды: 228

«Smart Kaztalov» мобильдік қосымшасы іске қосылды

Қазталов ауданының әкімі Альберт Есалиевтің айтуынша, ауданда мемлекеттік қызмет түрлерінің 74 пайызы электронды түрде көрсетіледі. «Smart Kaztalov» мобильдік қосымшасы сол қызметтер тұрғындарға одан сайын тиімді, қолжетімді болу үшін іске қосылған.

qaztalov

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сай аудан бойынша 1196 адам сауат арттырды.

 Сонымен қатар, бағдарлама аясында елді-мекендерде мемлекеттік интернет қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында шалғай орналасқан 12 елді мекенде (Болашақ, Қараоба, Қошанкөл, Талдыапан, Жұлдыз, Көктерек, Ақпәтер, Жаңажол, Бостандық, Нұрсай, Әжібай, Қараөзен) өз-өзіне қызмет көрсету кабинеттері ашылды. Бұл сервис арқылы 8 айдың ішінде 1 647 қызмет көрсетілген.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале