8.10.2019, 11:19
Оқылды: 350

Сырым ауданында 5 кәсіпкерлік нысан ашылады

Бұл жайлы Өңірлік коммуникация қызметі өткізген брифингте Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев айтты.

syrym

Әкімнің айтуынша, ауданда жалпы құны 552 млн. теңгеге жаңа 5 кәсіпкерлік нысан: «Sinooil» авто жанар-жағармай кешені, 2 мал сою пункті, 1 мейрамхана, құрылыс материалдары дүкені іске қосылады.

Қазір ауданның кәсіпкерлік саласында 1343 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген, соның 1240-ы жұмыс жасайды. Биыл кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім, көрсетілген қызмет және жұмыс көлемі 9,6 млрд. теңгені құраған.

-Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен бюджетке 60,0 млн. теңге салық түсiмдерi түссе, соның iшiнде 19,5 млн. теңге заңды тұлғалардан және 40,5 млн. теңге жеке тұлғалардың үлесінде.

Ауданымызда жыл басынан бері дәмхана, кафе, көлік жуу орны, азық-түлік дүкендері ашылса, сонымен қатар, ірі жол бойы сервистік қызмет көрсету орны болып есептелетін «Жібек Жолы» көпбейінді автокешенді айтуға болады. Онда қонақүй, дәмхана автотұрақ, автокөлік жуу және т.б. жолаушыларға қызмет көрсету орындары ашылып, 30 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр,-деді аудан әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале