15.01.2019, 10:00
Оқылды: 35

Сырымда 17 сиыр өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында жеке үйдің аумағында алапат өрт шықты. Тілсіз жау үш сағаттан кейін сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

ort

         «15 қаңтар күні сағат 02:08-де Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты кентінде жеке үй аумағындағы өрт туралы хабар келіп түсті. Аумағы 210 шаршы метр болатын мал қорасы отқа оранып, ондағы 17 сиыр қырылды», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

         Тілсіз жау таңғы 4:35-те тоқтатылып, 5:15-те толық сөндірілген. Оған БҚО ТЖ департаментінің жеке құрамынан 12 адам мен 2 техника жіберілді.
«Төтенше оқиғадан адамдар зардап шеккен жоқ. Өрт себептері анықталып жатыр», - деді Н. Нұрахметов.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале