6.12.2016, 14:35
Оқылды: 74

Талғат Нығметов: «Діни ахуал бірқалыпты»

nigmetov-talgatБүгін Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында «Облыс аумағындағы діни ахуал» тақырыбында брифинг өтті. Облыстық дін істері басқармасы басшысы Талғат Нығметовтің айтуынша, қазіргі кезеңде облыс аумағындағы діни ахуал бірқалыпты. 


Өңірімізде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес, 9 конфессияны құрайтын 75 діни субьект тіркеліп, қызмет етуде. Атап айтсақ, ислам бағытында 44 мешіт, (1 облыстық, 2 қалалық, 12 аудандық, 29 ауылдық), православтық бағытта 18, протестанттық бағытта 11,  буддизм-1, католицизм-1. Облыс аумағында алыс және жақын шетелден келіп, облыстық дін істері басқармасынан есептік тіркеуден өткен 6 миссионер бар. Соның ішінде Словакия Республикасынан 1, Польша Республикасынан 2, Украина Республикасынан 1, Үндістаннан 1, Египет Араб Республикасынан 1 миссионер бар.

Ақпараттық-түсіндіру топтары арқылы 2016 жылдың 10 айында түрлі форматта 150 000-ға жуық адамды қамтыған 1201 іс-шара өткізілді. Облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығы 2 млн. 896 мың теңге қаражатқа 2450 дана кітап алып, 600 жапсырмалы материалдар шығарды. Қазіргі күнде 14 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жасауда. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттары бойынша қызмет көрсету нұсқаулықтары, стандарттары мен регламенттері бекітіліп, діни қызмет саласындағы барлық процедуралар мен ережелер бекітілген. Атап айтар болсақ, діни ғибадат үйлері мен ғимараттардың құрылысын жүргізу, діни ғибадат үйлерінен тыс орындарда діни жоралар  өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру, діни әдебиеттерді тарататын стационарлық орындарды белгілеудің нақты стандарттары бекітілген. Ағымдағы жылдың он айы бойынша 1 заң бұзушылық дерегі тіркелді. Сондай-ақ теріс діни ағым жолындағы азаматтармен оңалту бағытындағы жұмыстың сараптамасы бойынша дәстүрлі емес бағытты ұстанатын азаматтармен жалпы кездесулер өткізіліп,  247 дін ұстанушыға діни-психологиялық көмек көрсетіліпті.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Рахымұлының сөзінше, аудандардағы дін мәселесіне бөлінетін қаржы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар негізінде қарастырылған.

Ақжайық ауданында «Таным» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігі (700 мың теңге), Сырым ауданында «Сырым» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігі (3 млн. теңге), Теректі ауданында «Әйел және қоғам» қоғамдық бірлестігі (600 мың теңге) арқылы жүзеге асырылып келеді. Осы мәселені реттеу бағытында Бөрлі ауданында «Парасат» қоғамдық бірлестігінің құжаттары әзірленіп, тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған аудандарда осындай қоғамдық бірлестіктер ашу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Қазіргі таңда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірге діндар азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруға көңіл бөлініп, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қысқа мерзімді оқыту курсына жолдануда.

Облыстық білім басқармасы арқылы 218 діндар мектеп оқушылармен, 89 орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқитын діндар студентпен жалған діни ағымға қарсы сана-сезімдерін арттыру мен отаншылдық патриотизмін нығайту, өз-өзіне қол жұмсау фактілерін болдырмауға бағытталған түрлі форматтағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесіп, Орал қаласы бойынша мешіттерде жұма намазы кезінде жамағатқа бос жұмыс орындары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Барлық аудандарда жастар ресурстық орталықтары қызмет атқаруда. Жәнібек, Қаратөбе, Теректі, Казталов және Сырым аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарына теологиялық білімі бар мамандар жұмысқа алынды.

Брифингте өңірімізде теолог мамандардың жетіспушілігін тілге тиек еткен спикер Талғат Рахымұлы облысымызға қазақ тілді және  орыс тілін жетік меңгерген белгілі теолог, исламтанушы мамандарды ұзақ мерзімге жұмысқа шақырып, олардың тұрақтанып қалуы үшін, әлеуметтік жағдайларын жасау алдағы 2017 жылдың еншісінде екендігін атап өтті.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале