Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі облыстық филиалы ұйымдастырған брифингте аудан əкімі Санжар Əлиев хабарлады.
Оның айтуынша, су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Тасқала ауылындағы 10 көшеге 4 км ауыз су жүйесі жүргізілді. Ауыл тұрғындарының 87 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ақбұлақ бағдарламасы аясында Мерей ауылы су құбырын жаңғырту 85 пайызға, 2-Шежін ауылының су құбырын қайта жөндеу 75 пайызға орындалған. Амангелді ауылындағы су құбырын жөндеу басталды.
Нұртай Текебаев
zhaikpress.kz