20.09.2019, 13:37
Оқылды: 279

Теректіде 24 отбасы баспаналы болды

Бүгін Теректі ауданы күні аясында Ақжайық ауылында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 24 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы, аз қамтылған отбасылар, бюджеттік сала қызметкерлері мен апатты үйдің тұрғындарының көптен күткен қуанышына облыс әкімі Ғали Есқалиев келіп ортақтасты.

terekti ui (8)

-Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жер» бағдарламасы жүздеген отбасыға қуаныш сыйлады. Өткен жылы Теректі ауданының орталығында 16 отбасы, биыл мамыр айында бірден 36 отбасы жаңа қонысқа қонған еді. Бүгін Ақжайық ауылында тағы 24 пәтердің кілтін табыс етеміз.

Алдағы уақытта Жаңа Өмір, Подстепное ауылдарында да көп қабатты үйлер салынады.

terekti ui (7)

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 899 адам тұр. Соның 350 (207 көп балалы отбасы) - әлеуметтік осал топтары санаты бойынша. Ауданның 5 жылдық жоспарында 756 пәтерлік 56 тұрғын үй салу қаралған. Мемлекеттің қолдауымен біз тұрғын үй кезегін жоюға қол жеткіземіз.

Жаңа үй Ақжайық ауылында жалғыз жаңа нысан емес. Өздеріңіз білесіздер, өңір мақтанышы - Ақжайық шипажайына апаратын жол жөнделіп жатыр. Жоспар бойынша жыл аяғына дейін жол жөндеу аяқталады. Ал Ақсуат ауылдық округінің орталығы - Ақсуат ауылына барар жолды салу аяқталды. Неше жыл бойы жол мәселесін айтып жүрген ақсуаттықтар енді жолдың рахатын көріп жүр.

terekti ui (9)

Бүгінгі сіздің ауылдағы қуаныш аудандағы жақсы жаңалықтардың бастысы да, бастауы да. Юбилейный ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында таза ауыз су құбыры ашылады. Донецк ауылында бірден екі нысан іске қосылады. Сол ауылда туристік база ғимараты ашылды. Бүгін ауыл азаматы Мерболат Жанғалиев өз қаражатына салған медициналық пунктті халық игілігіне береді. Бұл Тұңғыш Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, өз ауылдастарына сый ретінде тартылған емдеу орны. Осы іс басқа да кәсіпкерлерге үлгі болып, ауылдастарына жақсылық жасар жомарт жандар көп болар деген үмітім бар.

terekti ui (3)

Тап осындай сыйды Теректінің азаматы, кәсіпкер Сержан Идиятов Федоров ауылында жасап отыр. Бүгін құрылысы аяқталған сауықтыру орталығы кешенінің тұсауы кесіледі. Покатилов ауылында Қарылғаш Сералиеваның тәтті мен дәмді үйі есігін айқара ашты.

terekti ui (4)

Баспаналы болып жатқан ағайын! Қоныстарыңыз құтты болсын! Жақсылық жақсылыққа ұлассын,-деді өңір басшысы.

 Жаңа үйден үш бөлмелі пәтер алған Айнұр Қажиахметованың пәтер кезегінде тұрғанына алты жыл болған. Үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсіріп отырған Нұриддин мен Айнұр Қажиахметовтер пәтер кілттерінің қасиетті жұма күні табысталуын жақсылыққа балайды.

«Жұбайым екеуміз көп қиындық көрдік. Ұзақ жыл пәтер жалдап келдік. Енді басымызда жайлы баспанамыз бар. Барлық қиындық артта қалды. Көп балалы аналарға қамқорлық танытқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, баспана ұсынған облыс, аудан басшылығына алғыс айтамын. Әлі сене алар емеспін»,- дейді қуанышын жасыра алмаған қоныстой иесі.

Динара Жұмабекқызы

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

terekti ui (1) terekti ui (2) terekti ui (5) terekti ui (6)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале