30.07.2020, 17:33
Оқылды: 471

Тұңғыш Президент атындағы алаңда жүгіру алаңы іске қосылды

Бүгін Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы алаңда қала тұрғындарына арналған жүгіру алаңы-жолағы іске қосылды.

IMG-20200730-WA0014

- Биыл «Uralsk Runners» тобынан бізге жоспар түсті. Оны облыс, қала басшылығы қызу қолдады. Бұл жүгіру алаңы 1 шақырым 200 метр қашықтықты қамтиды. Бұдан бұрын «Uralsk Runners» тобының бастамасымен челлендж өткен болатын. Онда бастамаға үн қосқан әр тұрғын 200 теңгеден салып, осы алаңның қолданысқа берілуіне атсалысты. Алғысымыз шексіз.

Спорттың адам өмірінде алар орны ерекше. Соның ішінде пандемия уақытында спорттың тигізер көмегі зор. Бұл орын баршаның спортпен айналысар құтты мекеніне айналады деп ойлаймын, - дейді Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Артур Шерғалиев.

- Тура осыдан бір жыл бұрын «Uralsk Runners» тобының мүшелері атынан облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлына ұсыныс білдірген болатынбыз.

IMG-20200730-WA0016

Біздің әсем де көрікті қаламызда жүгіретін адамдарға мүмкіндік жоқ. Сол себепті Тұңғыш Президент атынағы алаңнан жүгіруге арналған жолақ орнату жөнінде рұқсат сұрадық.

Инстаграм парақшасы арқылы үндеу жариялап, біздің ұсынысымызды қолдаған барша қазақстандықтар қаражат аударды. 3 млн-дай қаражат жиналды. Қаламыздағы меценаттар да қолдау білдіріп, көмектесті. Одан соң қала басшылығы көмектесіп, осы жұмысты аяқтадық.

Қазіргі таңда көптеген қала тұрғындары таңда да, күндіз де, кеште де келіп жүгірумен айналысатын болды. Бұның адам денсаулығы үшін пайдасы өте зор. Біз өте қуаныштымыз. Біздің қаламызда осындай алаң пайда болды. Бұл Қазақстан бойынша үшінші орын. Бұдан кейін қала тұрғындарының денсаулығы мықты болады деген сенімдемін, - дейді «Uralsk Runners» тобының мүшесі Асхат Рамазанов.

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале