6.05.2017, 12:27
Оқылды: 57

Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады

 

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 72 жылдығы қарсаңында БҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Абуов Бағдар Нұралыұлы және ІІО және ішкі әскерлер ардагерлер кеңесінің төрағасы Адаев Жайлыбай Келдібайұлы Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагерлерін құттықтады.


Қан майданда кеудесін оққа тосып, бүгінгі бейбіт күн үшін қасық қаны қалғанша жауға қарсы тұрған аға буынның ерлігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Бүгінде арамызда жүрген сол зұлматты жылдардың куәгерлері -  сол жылдардың шежірелері. Солардың бірі  - Серекешев Сағызбай ақсақал. Жасы 90-нан асқан қарт майдангер әлі де сапта. Қонақтарды қарсы алуға сақадай сайланған сарбаздың кеудесіндегі ордень-медальдар - ол жүріп өткен өмір жолының нышандары. Ел шетіне жау тигенде қолына қару алған көппен бірге ол да жауға қарсы аттанды. Жауды тықсыра қуып, жеңісті жақындатуға ерен үлес қосты. 1944 жылы шайқаста ауыр жарақат алған Сағызбай Есенғалиұлы елге оралады. Сол жылдан 1978 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін БҚО ІІО-да еңбек етті.

Меңжан Абдрахманов ақсақал да - ел басына күн туғанда атқа қонғандардың бірі. "1943 жылы майданға аттанғанда, мен бар болғаны 17 жаста едім. Соғысты жеңіспен аяқтап, елге тек 1950 жылы ғана оралдым. Қиырда жүрсең де туған елің, Отаның адамның әркез жадында болады екен деп есіне алады өзі өткен даңқты жолын соғыс және еңбек ардагері. Бұдан соң БҚО-ның бірқатар аудандарында милиция бөлімінде еңбек еткен ол елінің құрметіне бөленді. Құрметті демалысқа шыққанға дейін абыройы мен антына адал болды.

Қос ардагер мен оларды құттықтаушылардың кездесуінде саланың кешегісі мен бүгіні туралы әңгіме айтылды. Бүгінгі күні Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагерлері Серекешов Сағызбай Есенғалиұлы мен Әбдірахманов Меңжан Ғабдолұлы облыс орталығында тұрса, Ығылманов Сүйеу Ығылманұлы - Шыңғырлау ауданының байырғы тұрғыны. Сұрапыл соғыстың тірі куәгерлерінің қатары өкінішке орай күн санап сиреп барады. Елді жаудан қорғап, бейбіт күнде халқының тыныштығы үшін қызмет еткен ардагерлерге құрмет көрсету - бүгінгі ұрпақтың міндеті.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале