27.04.2017, 19:01
Оқылды: 122

Ustudy аймақтық тестілеу орталығы ашылды

Бүгін облыс орталығында Ustudy аймақтық тестілеу орталығы ашылды. Бұған қалалық білім басқармасының басшысы Жансұлу Меңешқызы және қала мектептерінің басшылары қатысты.


Аталмыш орталықты ашу бөлімінің бастығы Ұлан Батыровтың айтуынша, мұндай орталықтар еліміздің 19 қаласында ашылды.

- Ustudy аймақтық тестілеу орталығы –еліміздің бүкіл аймағын қамтитын Ustudy білім бренді мен Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО) бірлесе жүзеге асырып отырған жоба. Алғашқы орталық 2015 жылдың соңында Алматы қаласында ашылған болатын. Содан кейін 500 күн ішінде 18 орталық Талдықорған, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Павлодар, Қостанай, Өскемен, Қарағанды, Семей, Астана қалаларында ашылды.  Қазіргі уақытта аталған қалаларда оқушылар Ustudy аймақтық тестілеу орталығы арқылы ҰБТ-ның жаңа форматында сынама тестілеуге дайындалуда. Енді бүгіннен бастап оралдық оқушылар да осындай мүмкіндікке ие болды, -деген Ұлан Батыров пен жобаның бас директорының орынбасары Алжанбек Көшербаев орталықтың ашылу салтанатына келгендерге орталықтың ішін аралатып, арнайы оқыту бөлмелерімен таныстырды. Алжанбек Көшербаевтың сөзінше,  орталық 1000 шаршы метрден астам аумақты қамтыған және 150 отыру орындарына арналған технологиялық жабдықтармен және оқыту аудиториялармен жабдықталған.

Шараға қатысушы мектеп басшылары оқыту аудиторияларындағы жаңа технологияларға қызығушылық танытып, замануи құрылғыларды өздері бас болып қолданып көрді.

Айша ӨТЕБӘЛІ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале