12.10.2019, 16:31
Оқылды: 226

Вице-министр Нұрғиса Дәуешев спорт және туризм саласы мамандарының ұсыныстарын тыңдады

Өңірде сапарлап жүрген Үкімет мүшелерінің құрамында келген ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев "SAYAT" этно-туристік орталығында дене шынықтыру, спорт және туризм саласы мамандарымен жүздесті.

Жылқы баптап, ат спортын дәріптейтін орталықта сала мамандары спортты дамыту жайын талқылап, кешендер мен мектептерді спорттық құралдармен қамтамасыз ету, жас спортшыларды қолдау, бұқаралық спортты насихаттау мәселелерін көтерді. Спорт саласындағы өзекті мәселелердің министрлік деңгейінде қаралып жатқандығын айтқан вице-министр Нұрғиса Мұратұлы айтылған барлық ұсыныстың ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

 

sayat (3)

sayat (1)

sayat (4)

sayat (2)

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале