22.12.2016, 12:34
Оқылды: 53

«Жайықпрестіктерге» мемлекеттік марапаттар табысталды

marapatЕл Тәуелсіздігінің торқалы тойы аясындағы марапаттаулар легі жалғасын табуда.

Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-нің  мәжіліс залында медиахолдингтің бірқатар қызметкерлеріне марапат тапсыру салтанаты өтті.


 

«Орал өңірі» облыстық газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, «Приуралье» газетінің тілшісі Наталия Портнягина, Ақжайық аудандық «Жайық таңы» газетінің директор-редакторы Болат Есқалиев, Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің директор-редакторы Ертай Бимұхановтардың өңірлеріне «Қазақстан Республикасының ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі тағылды.

redaktorlarСондай-ақ «Орал өңірі» газеті редакторының орынбасары Сырымбек Тұяқов, бөлім меңгерушісі Сәкен Әбілхалықов, жауапты хатшы Жанат Есполаева, тілші Гүлбаршын Әжігереева, корректор Нұргүл Сұлтановаларға Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың Құрмет грамотасы табысталды.

Медиахолдинг басшысы Жантас Сафуллин және бас директордың орынбасары Ғайсағали Сейтақ марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Айгүл Ахметова

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале