7.05.2020, 16:24
Оқылды: 114

Жаңа кітап жарық көрді

Қазақстан Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі, ақын Айтқали Нəріковтың Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жойқын жылдар жаңғырығы» деп аталатын деректі проза кітабы баспадан шықты.

IMG-20200507-WA0057-1

Кітаптың алғы сөзін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев жазған. Жинақта екі мәрте Кеңес Одағының батыры жүрек жұтқан ұшқыш Талғат Бегилдинов, Кеңес Одағының Батыры, минометші, тасқалалық Садық Жақсығұлов, Халық Қаһарманы, Орал аэроклубында қанаттанған тұңғыш әскери ұшқыш қазақ қызы Хиуаз Доспанова, Кеңес Одағының Батыры, барлаушы, ақжайықтық Михаил (Бимағанбет) Абдолов туралы деректі повестер топтастырылған. Кітап облыс көлеміндегі кітапханаларға таратылады.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале