28.02.2020, 10:46
Оқылды: 518

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысында Жансая Мусина І орын алды

Қызылордада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.

87852307_179168040197625_4556949881465339904_n

Ақындар айтысына Серік Құсанбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Айбек Қалиев (Арқалық қаласы), Аспанбек Шұғатаев (Павлодар қаласы), Әсем Ережеқызы (Нұр-Сұлтан қаласы), Аруна Керімбек (Ақтөбе облысы), Жансая Мусина (Батыс Қазақстан облысы) Аян Ниязбек (Шымкент қаласы), Сұлужан  Тауболды (Алматы қаласы), Кенжебай Жүсіпов, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Бексұлтан Орынбасаров (Қызылорда облысы) қатысты.  Айтысты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман жүргізді. Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенова бастаған белгілі жырау Алмас Алматов пен ақындар Ғалым Жайлыбай,  Жанарбек Әшімжан болды.

Айтыстың бас жүлдесі Мұхтар Ниязовқа бұйырды. Ал І орынды Жансая Мусина иеленсе, ІІ орынды Әсем Ережеқызы, ІІІ орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Айбек Қалиев еншіледі.

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале