16.03.2017, 18:47
Оқылды: 22

Жас гимнасшылар жарысы

Наурыздың 15-16-сы күндері Орал қалалық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттық гимнастикадан облыстық чемпионат өтті.

Спорттық жарыстың ашылуында  облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаева мен облыстық спорттық гимнастика және акробатика федерациясының төрағасы Аққали Әубекеров, спорт ардагері Софья Вишневская сөз алып, гимнасшыларға сәттілік тіледі.

Чемпионатта 49 жас спортшы өнер көрсетті. Олар тіреп секіруден, бөрене мен қоссырықта және еркін түрде жаттығу түрлерін орындады. Чемпионат нәтижесінде әртүрлі разряд бойынша сынға түскендерден  Дана Өтежанов (спорт шеберлері арасында), Елизавета Точилина (спорт шеберіне үміткер), Любовь Мащенко (І разряд), Асет Гурсаева (ІІ разряд), Валентина Василюк (І жасөспірімдік разряд), Анастасия Катаван (ІІ жасөспірімдік разряд),  Анжелика Нұрпейісова (ІІІ жасөспірімдік разряд) үздік шықты. Жүлдегерлерге диплом мен медальдар табысталды.

Айта кетерлігі, №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері облыс намысын абыроймен қорғап, ел біріншіліктерінде жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Мысалы, 28 ақпан мен 4 наурыз күндері аралығында Алматы қаласында өткен Қазақстан гимнастика федерациясы президентінің V кубогында Дана Өтежанова спорт шеберлері арасында бөренедегі жаттығудан, ал Азиза Дауренова «спорт шеберіне үміткер» бағдарламасы бойынша тіреп секіруден жүлделі II орынға ие болды.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале