29.11.2019, 22:19
Оқылды: 334

Жас суретшілер Сәкен Ғұмаров музей-үйінде бас қосты

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Сәкен Ғұмаров музей-үйінде Мектептен тыс жұмыс орталығының «Қылқалам» бейнелеу өнері үйірмесі тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Тұғыры биік Елбасы» шарасы өтті. Аталған шара Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халқына жасаған игі істерін насихаттай отырып, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ету, жас ұрпақ бойында патриоттық сезімдерін арттыру, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатын көздеді.

museum (1)

1994 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаев ресми іссапармен Орал қаласына  келеді, осыған байланысты қаламыздың ағартушылар үйінде Сәкен Гумаровтың көрмесі ұйымдастырылады. КСРО журналистер Одағы мен Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі болған, 30 жыл кескіндеме өнерімен айналысқан Сәкен Ғұмаровтың біртума өнер туындыларына тәнті болған тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев осы музейдің ашылуына себебші болған.

museum (2)

Шара барысында Елбасының елеулі игі істеріне толы слайдтар және С.Ғұмаров өмірі мен шығармашылығы туралы кең қамтылған деректі фильмнен үзінділер көрсетілді. Суретші Сəкен Ғұмаров музей-үйінің меңгерушісі Жанболат Жүсіпұлы жиналғандарды мерекемен құттықтады.

museum (3)

Мектептен тыс жұмыс орталығының «Жас тілші», «Жас оқырман» үйірмелерінің тәрбиеленушілері жерлес ақынымыз А.Нәріковтың «Сәкен Ғұмаров» өлеңін мәнерлеп оқыса, «Гүлдер», «Еркем-ай» вокал студияларының кішкентай әншілері патриоттық әндерімен шараның сәнін келтірді. Патриоттық тәрбиеге толы шара тәрбиеленушілердің білім қоржындарын рухани танымдылықпен толықтыра түсті.

Шара соңында қатысқан тəрбиеленушілерге естелік сыйлықтар ұсынылып, ұстаздарына алғыс хат табыс етілді.

Орынгүл Сабыр

МТЖО педагог - ұйымдастырушысы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале