10.05.2017, 15:42
Оқылды: 39

Жергілікті спортшылар Ақтөбеден жүлделі оралды

2017 жылдың 8-9 мамыр күндері аралығында Ақтөбе қаласында дзюдодан ерлер арасында Кеңес Одағының Батыры Алия Молдағұлованы еске алуға арналған халықаралық турнир өтті. Оған Өзбекстан, Ресей, Грузия және Қазақстан командалары қатынасты.

Біздің өңірдің намысын қорғаған Ерназар Хамзин 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде III орын алды. 100 келіге дейінгі салмақта Темірлан Көлбай күміс жүлдеге иеленсе, Олжас Сүлейменов осы салмақта қола жүлдегер атанды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале