27.02.2019, 19:16
Оқылды: 75

«Жетістіктерді дұрыс пайдалану біздің саяси-құқықтық санамыздың жетілуіне байланысты»

Бүгін Астана қаласында, еліміздегі жетекші саяси күші «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі өтті. Съезд еліміздің саяси дамуындағы жаңа міндеттерді алға қойды.

 09

Елбасы атап өткендей, «Ең бірінші идея - қолымызға түскен Тәуелсіздікті ұстау үшін экономикалық және әлеуметтік жағдай жақсы болу керек. Сыртымыз бен ішімізді бақылап отыруымыз керек». Тәуелсіздікке халқымыз оңай қол жеткізген жоқ. Тәуелсіздік жолында өткен аға ұрпақ қаны мен қиналысы жатыр. Алаштың өр ұлдары мен желтоқсанның жалынды жастарының қасиетті арманы мен бізге қалдырған аманаты жатыр.  Еліміз тәуелсіздігін, өркендеуі мен тұрақтылығын көзіміз көріп отырған, біз бақытты ұрпақпыз. Бұл тек қана бақыт емес, бұл қасиетті міндет. Асыл ағаларымыз бен апаларымыз жол ашып берген ел тәуелсіздігін ардақтап, құрметтеу біздің әрқайсымыздың міндетіміз.

Табанды жүргізілген саяси реформалар қорытындысында Қазақстан батыстық демократия ұстанымдары мен шығыс азиялық мемлекеттердің алдыңғы қатарлы тәжірибесіне негізделген және өзіміздің көп ұлтты қоғам ерекшеліктеріне сүйенген тәуелсіз мемлекеттік құрылымға ие болды. Елбасы сөзімен айтқанда, «Халықпен шынайы ашық диалог құруымыз керек. нұротандықтар мұны жасай алады. «Нұр Отан» – қоғамдық бақылаудың басты институты болу керек». Қазақстандықтар демократия жарлықпен енбейтіндігін, оны әрқайсысымыз өз санамыздан саралап өткізуіміз қажеттігін түсінді. Демократияның негізгі базалық ұстанымдары, атап айтқанда сөз бостандығы, әділетті сайлау, билік бөлінісі, көп партиялылық, қоғамдық институттар, азаматтық ұйымдар, тәуелсіз сот мұның барлығы да елімізде бар. Осы жетістіктерді пайдалана білу билікке емес, өзімізге, біздің саяси-құқықтық санамыздың жетілуіне тәуелді.

Қазақстандағы әлеуметтік өзгерістер экономикалық трансформация кезеңінде жеңіл өтіп келе жатқан жоқ. Осыған байланысты, Елбасы Үкімет пен әкімдерге ауылдағы көп балалы отбасыларға жеке квота, грант пен микрокредиттерді енгізуді тапсырды. Бұл жұмысқа Нұр Отан мен Атамекен де қатысуы тиіс екендігін ерекше атап өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ Елбасы әлеуметтік өзгерістердің халық үшін, халық қолдауымен ғана іске асырылатынын баса көрсетіп келді. Осының қорытындысында зейнетақы реформасы, тұрғындарды әлеуметтік қорғау мен жеңілдіктер беру, еңбек нарығын нығайту, әлеуметтік сақтандыру жүйесін құру және және тағы басқа шаралар Қазақстан халқы қолдауының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізді.

 

Тұрар Шайхиев,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың

«Қазақстан халқы Ассамблеясы»

кафедрасының меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале