1.02.2019, 11:40
Оқылды: 79

Жобаға бастауыш партия ұйымдары да үн қосуда

Орал қаласындағы Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияда «Нұр Отан» партиясының «Филармония» бастауыш партия ұйымының мүшелері бас қосып, партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылап, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

 bpu (1)

         Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филормония директорының орынбасары, «Филармония» бастауыш партия ұйымының төрағасы Абдул Рахметовтің пайымдауынша, бастауыш партия ұйымдары – партияның негізгі тірегі. Сондықтан, БПҰ-ның әр мүшесі ұйым жұмысын жан-жақты жандандырып, қоғамға тиімділігін арттыруда мүдделілік пен белсенділік танытуы қажет.

«Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарлама жобасының он басты мақсатына жеке-жеке тоқталып өткен Абдул Ғабитұлы:

-2015 жылы құрылған «Филормония» бастауыш партия ұйымының құрамында 124 партия мүшесі бар. Аталмыш ұйым өңірдің қоғамдық-саяси өміріне етене араласып, партиялық жобаларды жүзеге асыруда бастамашылдық пен жаңашылдық танытып келеді. Партиямыздың 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасының жобасында көрсетілген әр мақсат – маңызды, әр міндет – ауқымды. Елбасы, партия төрағасы бастамашылық еткен барлық стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыруға одан әрі де белсенді атсалысатын боламыз,-деді.

Бағдарлама жобасында көрсетілгендей, жаңа құжатта Қазақстанның жаңа әлеуметтік бағытының тұтас көрінісі ұсынылмақ. Ол дамыған елдердің қатарына кіру үшін мемлекетті реформалаудың тексерілген және тиімді тәсілі болып табылатын бес институционалдық реформаға негізделмек. Ал партиялық бағдарламаның көздеген мақсаты – алдағы он жылдықта әрбір қазақстандықтың өмір сүру деңгейін сапалы арттыру үшін елді жүйелі жаңғырту.

-Осы уақытқа дейін қоғаммен кеңесе отырып, көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау бағытында Орал қаласындағы 64 бастауыш партия ұйымының жартысынан астамында жиын өтті. Бастауыш партия ұйымдары тарапынан көпбалалы отбасыларды қолдау шараларын жетілдіру, үш жасқа дейінгі бала күтімімен отырған жас аналарды қаржылай қолдау, жастарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жеңілдетілген несие беру және олардың старт-ап жобаларын жүзеге асыру тетіктерін жетілдіру, жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін ұлғайту сияқты ұсыныстар келіп түсуде. Барлық ұсыныстар жинастырылып, сұрыпталған соң орталыққа жолданады,-дейді «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының консультанты Азамат Нсанбаев.

bpu (8)

Динара Жұмабекқызы,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале