29.10.2018, 14:47
Оқылды: 96

Зияткерлік мектеп оқушылары «Туған елге тағзым» экспедициясы аясында Шымкентте болды

Күзгі демалыс кезінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу жобасы аясында Астана және Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары шырайлы Шымкентте болды.

tugan el (4)

Бір жұма бойы жалғасқан экспедиция барысында аталған қаладағы химия-биология бағытындағы зияткерлік мектебінің ұжымы қызықты да мазмұнды бағдарлама ұсынды.

Экспедиция өкілдері облыс пен қаланың көрікті жерлерін аралап қана қоймай, көне Отырар, Арыстан баб, Ұлы Жібек жолының маржаны саналатын киелі Түркістанға сапар шекті. Оралдық зияткерлердің айтуынша, оларға, әсіресе, «Ақмешіт» үңгірі ұмытылмастай әсер қалдырған. Бірнеше ғасырлық тарихы бар бұл өлкенің қадір-қасиеті туралы жергілікті ақсақал сыр шерткен болатын. Соныменқатар Шымкент ипподромында ұйымдастырылған ат жарыс оқушылардың көңілінен шықты. Бұл жерде белгілі чемпиондар «Қызқуу», «Тиынтігу», «Көкпар» сияқты ұлттық ойындар бойынша шеберлік сағаттарын көрсетті.

Экспедиция мүшелерінің айтуынша, бұл сапардан олар өмірлік тәжірибе, жұтамас рухани азық жинады. Оның ішінде оңтүстік өңірдің тарихына бойлай алды, халқымыздың салт-дәстүрлерін тереңірек тани түсті, жергілікті өлкенің табиғатын тамашалады. Мазмұнды шараның жабылу салтанатында астаналық және оралдық қатысушылар бір жұмалық саяхаттан алған әсерлерімен бөлісіп қана қоймай, өнерлерін пашетті.

Ұйымдастырушылар қонақтарға экспедиция барысындағы суреттерден жинақталған естелік альбом, әр қатысушыға сыйлықтар ұсынды.

Айта кетейік, «Туған елге тағзым» - өскелең ұрпақтың бойында өз елінің әр тау-тасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, таным көкжиегін кеңейтуге бағытталған жоба. 2012 жылы бастау алған жоба аясында еліміздің әр қаласындағы зияткерлік мектептердің 3000-ға жуық оқушы Қазақстанның түрлі аймағына саяхат жасауға мүмкіндік алды.

tugan el (1) tugan el (3) tugan el (5)

Орал қаласы НЗМ баспасөз қызметі

 zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале