13.08.2020, 16:03
Оқылды: 68

«Адалдық Алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов Ақсай қаласына жұмыс сапарымен барды

12 тамыз күні Бөрлі ауданына Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған республикалық «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов арнайы жұмыс сапарымен келіп, «Ақжайық-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшсі Әлия Сәлиева, Батыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бірінші орынбасары Нұрдәулет Саметпен бірге бірқатар нысандарды аралап, кешенді мониторинг жүргізді. 4FC0C177-A524-4F9B-A7F3-D37ABCFA828D

Іссапар барысында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Кушкинбаев республикалық кеңсе жетекшісін аудан әкімдігіндегі сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған «Ақжайық-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің, «Ашық әкімдіктің» және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмыстарымен таныстырды. Азаматтарға мемлекеттік көрсетілген қызмет шарттарымен танысқан Төлеген Байғұлов қызметкерлермен және мемлекеттік қызмет алғалы келген тұрғындармен тілдесті.

424299D0-783A-4FB3-823A-68E7FA91B8BB

Жобалық кеңсе жетекшісі Ақсай қаласында ТҮКШ жаңғырту саласында жөндеуден өткізілген тұрғын үйлерді аралап, тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале