13.02.2020, 12:37
Оқылды: 12

БҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі инвесторларды қорғау мәселесін талқылады

БҚО Кәсіпкерлер палатасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменты басшысының бірінші орынбасары Н.Самет БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Ибраимов, «KAZAKH INVEST» ҰК филиалының директоры Н.Өтепбаев және «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының төрағасы Д.Жанибековтер кездесу өткізді.

атамекен (2)

Н.Самет «Protecting Business and Investments» жобасының іске асу барысы туралы ақпараттандырып, әріптестерін инвесторлардың жобаға қосылуына ықпал етуге шақырды.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін «Сатып алудың бірыңғай терезесін» пайдалану, инвесторлар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуі, сондай-ақ осы бағыттағы қаржылық қолдау мәселелері талқыланды.

атамекен (5)

Естеріңізге сала кетейік, «Protecting Business and Investments» жобасының мақсаты инвесторларды тек кәсіпкерлік қызмет аясында ғана емес, сондай-ақ инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде күнделікті өмірде кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау және аймақтағы инвестициялық бизнес-ахуалды жақсарту.

Жоба агенттік пен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүзеге асырылуда.

 «KAZAKH INVEST» ҰК филиалының, «AQJAIYQ» ӘКК басшылары бірлесе қызмет атқаруға дайын екендерін айтты. БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Б.Ибраимов іс-шараларды ұйымдастыру кезінде «Protecting Business and Investments» жобасын қосымша таныстыруды ұсынды.

БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа

қарсы қызметінің баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале