14.01.2021, 16:20
Оқылды: 382

Цифрландыру – жемқорлықты жоюдың тиімді әдісі

2021 жылдың 14 қаңтары күні «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығында облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы және оған бағынысты ұйымдар ұжымдарымен онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды.

IMG_3411 (3)

Шараға БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Р.С.Ақмырзаев, облыстық Ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы П.С.Лежников, басқарма және оған бағынысты ұйымдардың ұжымдары қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

IMG_3422 (1)

Өз кезегінде Департамент басшысы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына енгізілген өзгерістермен жіті таныстырып, жиынға қатысушыларды қоғамның әділ әрі белсенді азаматы болуға үндеді.

IMG_3425

Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

Сонымен қатар Р.С.Ақмырзаев қатысушыларды адал, парасатты болуға және мемлекет пен азаматтардың мүддесіне шынайы қызмет етуге шақырды.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале