24.07.2020, 9:27
Оқылды: 38

Қала көшелерінің жол сапасына мониторинг жалғасуда

 22 шілдеде жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық офисімен, АМТ, қоғам және БАҚ өкілдерімен бірлесіп, Орынбор, Матросов, Алаш көшелерінің күрделі жөндеу объектісінде мониторинг жүргізді.

A5EFB35B-F31A-42FF-BC4E-85DD9197BB3D

Комиссиялық тексеру кезінде Орынбор көшесіндегі күрделі жөндеу учаскесінде қиыршықтас негізін салу жұмыстары жүргізіліп жатқандығы анықталды. Жұмыс жобасымен тұрғын үйлердің ауласына 2 съезд және медициналық мекемеге кірме жол қарастырылмаған. Осыған байланысты, бүгінгі күні мердігер мен техникалық қадағалау тарапынан қажетті съездерді орнату бойынша жұмыстар көлемін толықтыруға бастама жасалды.

5B6123BA-5C81-41F2-9FAF-CE2B38DB7C22

Матросов көшесінде жүргіншілер тротуарлары мен жер төсемін тығыздау бойынша, сонымен қатар ЖҚМ кіріс бақылауының, атқарушы құжаттамаларында қоспалар бойынша бекітілген рецептің болмауы сияқты бұрын анықталған ақаулар мен ескертулер қазіргі уақытта 100% түзетілген.

Сонымен қатар Алаш көшесі бойынша геометриялық өлшемдерді өлшеу, сондай-ақ тиісті сараптама үшін керн сынамасына іріктеу жүргізілді. Іріктелген керн сынамасы бойынша сапа орталығының зертханасында сынақ жүргізілетін болады.

607A02E3-C166-4B40-A0E2-55EE7466DABE

Осы жоба міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы кез келген азамат 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1424» Call-орталығы арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлай алады.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале