16.03.2020, 9:32
Оқылды: 12

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ұжымымен кездесу өтті

13 наурыз күні Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің РУ 170/2 мекемесінің ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті.

Фото (3)

Шараға департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.Хайруллин және «Nur Otan» партиясының БҚОФ инспекторы А.Сағатов қатысты.

Б.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екенін атап өтті.

Сонымен қатар шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call-орталығына хабарлай алады. Call-орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале