11.08.2020, 23:43
Оқылды: 46

«Педагогтің кәсіби дамуы: ізденіс және тәжірибе»

FC8C3571-5754-4C54-B264-B68BD1F0D1372020 жылдың 10 тамызы күні облыстық педагогикалық қызметкерлердің тамыз конференциясы аясында «Педагогтің кәсіби дамуы: ізденіс және тәжірибе» тақырыбында тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет, қосымша білім беру мен арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының секциялық отырысы өткізілді.

AD274928-AA84-4BD5-B759-07FEBCEDBE73

 Шараның мақсаты – педагогтердің шығармашылық шеберлігін шыңдау арқылы инновациялық ортаны қалыптастыру және қашықтықтан оқыту бойынша сабақ үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігін арттыру, цифрландыру бағытында жаңаша жүргізілетін жұмыстарға бағыт беру.

FC8C3571-5754-4C54-B264-B68BD1F0D137

 Секция жұмысына департаменттің превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин қатысып, тәрбие, әлеуметтік-психологиялық қызмет, қосымша білім беру ұйымдарына басшылық жасайтын АӘК (ҚӘК) әдіскерлері және инклюзивті білім беру саласына жетекшілік ететін мамандар, білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтер, әлеуметтік-педагогтер, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, психологиялық-дәрігерлік -педагогикалық кеңес беру мекемелері, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің меңгерушілері, дефектологтері, логопедтері, тәрбиешілері, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, түзету сынып педагогтері, қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, орынбасарлары, педагогтері қатысты.

 Б.М.Хайруллин өз сөзінде: «Қазіргі таңда қоғамда адалдық пен парасаттылықты қалыптастыру аса маңызды болып отыр. Бұл қасиеттер Ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздерінде қамтылған», - деп атап өтті.

Секция жұмысының қорытындысы бойынша арнайы ұсынымдар қабылданып, қорытындыланды.

 Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале