8.08.2020, 14:20
Оқылды: 18

Шетелдік инвестормен кездесу өткізілді

 2020 жылғы 7 тамызда «Protecting Business and Investments» жобасын іске асыру шеңберінде «Атамекен» ҰКП БҚО бойынша өңірлік палатасының (бұдан әрі – Өңірлік палата) алаңында шетелдік инвестормен (Түркия Республикасы) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шешім қабылдау кезіндегі заңсыз әрекеттеріне қатысты кездесу өткізілді.

5120550D-ADA6-438C-92F8-C8019E931952

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н. Самет, «Ақжайық - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы А.Салиева, БҚО АМТ басшысының орынбасары Г.Ищанов, Өңірлік палатаның бөлім басшысы М. Нигишева, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында шетелдік инвестор, сондай-ақ оның өкілі қалыптасқан жағдайды түсіндірді. Олардың айтуларына сәйкес, мемлекеттік және сот органдары ұйымның қалыпты қызметіне кедергі келтіріп, бұл өз кезегінде кәсіпорынды банкроттыққа алып келуде.

476DF605-3F82-4BF7-AF83-A23F82FBF05A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Н.И. Самет өңірдегі бизнес пен инвестицияны қорғау басым бағыт екенін атап өтіп, өз қолдауын білдірді. Сонымен қатар «ҚР Сот
жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңына сәйкес ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыруға араласуға және судья мен алқа заседателiне қандай да бір ықпал етуге құқығы жоқ екенін атап өтті. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.

Өз кезегінде Г.Ищанов өтініш берушілерге іске Қоғамдық жария етуді және қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтер болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінуді ұсынды.

А.Салиева кәсіпкерлер мен жұртшылықтың мұндай кездесулері оң нәтиже береді, бұл ретте кредитормен сындарлы диалог құруды және кредиттік жүктемені жеңілдету бойынша түрлі қаржы құралдарының шарттарын қарастыру қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ кредитордың бас кеңсесіне жүгінуді ұсынды.

  zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале