17.01.2020, 9:54
Оқылды: 24

 Жедел жәрдем көлігіне жол бермеген үш жүргізуші жауапқа тартылды

Оралда «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аясында «Жол беріп – өмір сыйла»акциясы басталды.

dep kor

Науқанда облыстық полиция департаментінің және жедел-жәрдем станциясының мамандары белсендік танытты.

Аталмыш акцияның негізгі мақсаты – жедел-жәрдем көлігінің шақырту кезінде жол кептелісінде тұрып қалмай, жолын бөгемей өткізу.

Жыл басында басталған науқан алдағы уақытта жалғасын табады.

Акция барысында жол полиция қызметкерлері жедел жәрдем көліктеріне жол бермеген үш жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу, 598-бабын бұзды.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале