31.10.2016, 18:29
Оқылды: 26

«Адамзаттың Айтматовы»

????????????????????????????????????

  Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Жұбан атындағы облыстық әмбебап кітапханасының «Оқы да, биіктен көрін» жобасы аясында Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын насихаттау бағытындағы «Адамзаттың Айтматовы» атты кеш өтті.

  Шара Шыңғыс Айтматовтың  өмірі мен шығармашылығын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында оздырылды.


Кеште «Арманы ақиқатқа айналған абыз» атты баяндамадаманы Айгүл Ыбыраева оқыды.

Одаң соң Қаратөбе колледжінің студенттері дайындаған  Шыңғыс Айтматовтың «Найман Ана» романынан шағын көрініс қойылды.

Шара соңында  «Арманы ақиқатқа айналған абыз» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале