18.07.2016, 10:08
Оқылды: 44

Азаматтарды қабылдады

Азаматтарды қабылдадыЖәнібек аудандық әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мирболат Нұртазин азаматтарды олардың өтініштері бойынша қабылдады.


Қабылдауда болған арнаулы орта білімді, Жәнібек ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Сұлтан Хайрушев, жоғары білімді, қазіргі уақытта жастар тәжірибесі бойынша аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінде жұмыс жасап жүрген Мөлдір Темірбекова және Жақсыбай ауылының тұрғыны Нүркен Закарин мемлекеттік қызметке орналасу хақындағы өтініштерімен келген екен. Олардың өтініштерін тыңдаған Мирболат Сүйеуұлы мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай талаптардың бар екенін, көптеген заңдарды білу қажеттігін, оларды қандай көздерден алу керектігін жан-жақты түсіндірді.

                                                                                                                 www.zhaikpress.kz
А.ЕСІРКЕПОВ
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале